From Wikipedia, the free encyclopedia
Джек Лондон, (Джон Гриффит) (12.1.1876, АҚШ, Сан-Франциско қаласы — 22.11.1916, Сан-Франциско маңы, Глен-Эллен мекені) — америкалық жазушы. Өгей әкесінің қолында тәрбиеленген. Жас кезінде зауыт, фабрика, электр станцияларында түрлі жұмыстар істеген. Әдеби шығармалар жазумен 17 жасынан шұғылдана бастаған. 1893 ж. “Сан-Франциско дауысы” газетінде тырнақалды туындысы “Жапон жағалауындағы Тайфун” атты очеркі басылды. Сонан кейін көптеген әңгімелері, повестері, романдары жарыққа шыға бастады.
Джек Лондон | |
Jack London | |
Туған кездегі есімі |
John Griffith Chaney |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Глен-Эллен, Калифорния, АҚШ |
Азаматтығы |
АҚШ |
Мансабы |
жазушы |
Жанры |
шытырманды оқиғалар |
Дебюті |
«Жапон жағалауындағы Тайфун» |
Қолтаңбасы |
Лондон деген аты-жөнді болашақ жазушыға Джон Лондон есімді өгей әкесі берді. Джек тұрмыстың тауқыметін тым ерте көреді: он жасқа жетер-жетпесте жүгіріп жүріп газет сатады, одан соң бұғанасы сәл қатқан кезде қалбыр заводына қара жұмысшы болып тұрады. Белді майыстырған бұл жұмыстан қолы болмашы босай қалса бірден кітапқа бас қояды. Сөйтіп екі-үш жылдың аралығында жергілікті кітапханада ол оқымаған кітап тым аз қалады.
Көп ұзамай ол матрос ретінде жұмысқа тұрып, Беринг теңізіне жол тартады. Бұл сапарда ол Сібір мен Жапон жағалауларында буырқанған мұхиттың талай-талай тарпаң мінезін көріп, қатал табиғатпен тайталаса күресе жүріп, шыңдалып, ақыры Сан-Францискоға оралады. Сол сапардың әсерінен «Теңіз қорқауы» атты романын жазады.
1896 жылы Клондайкте аса бай алтын қоры табылады да, онсыз да романтика іздеп жүрген жиырма жасар жігіт бірден көптің легіне қосылып, Аляскаға аттанады. Күн сайын алпыс градус аязда ит жеккен шанамен ондаған миль жол жүріп, оймақтай олжа үшін ажал аузына сан барып, сан қайтып отыратын саяхатшылардың әрбір іс-әрекетінен бір-бір көркем шығарма жазуға әбден болар еді. Джек оны кейін жазды да.[1]
Жазушы шығармаларындағы биік белесі — “Мартин Иден” (1909, қазақ тілінде 1968) роман-биографиясында автордың өзіндік тұлғасы, қоғам мен қоршаған ортаны тануы, шығармашылық өнер жөніндегі ойлары көрініс тапқан. Кейіннен Лондон шығармаларын Мұхтар Омарханұлы Әуезов, М. Дәулетбаев, Б. Омаров, т.б. қаламгерлер аударған. Әуезовтің “Көксерек” повесінен канадалық жазушы Эрнест Сетон-Томпсонның “Винипег қасқыры” мен Лондонның “Ақ азу” атты шығармаларының әсері байқалады. Мұның өзі қазақ көркемсөз өнерінің әлем әдебиетімен сабақтаса дамығанын көрсетеді. Лондон шығармалары бұрынғы Кеңестер Одағы аумағында көп аударылып, кең тараған.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.